back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
"Буллинг және оның алдын алуы"
05-10-2023 14:44

Қоғамда " Буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады" деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, оқу орнында, яғни барлық жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Осы орайда мектебіміздің педагог  - психологы,  балалар қауіпсіздігі бойынша аудандық деңгейдегі мектеп жаттықтырушысы А.Ж.Сулейменова қыркүйек айының 27 жұлдызында өткен жалпы мектепішілік ата  - аналар жиналысында  ата  - аналар мен ұстаздар қауымына " Буллинг және оның алдын алуы" тақырыбында құнды ақпараттармен бөлісіп, мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттарын айтып шықты. Сонымен қатар ата  - ананың бала тәрбиесіндегі қарым  - қатынасы туралы тренинг элементтерін қолдана отырып,  егжей  - тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыстың соңында  " Буллинг және оның алдын алуы " тақырыбында ата - аналарға жадынамалар таратты.

Новости