Қоғамда " Буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады" деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, оқу орнында, яғни барлық жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Осы орайда мектебіміздің педагог - психологы, балалар қауіпсіздігі бойынша аудандық деңгейдегі мектеп жаттықтырушысы А.Ж.Сулейменова қыркүйек айының 27 жұлдызында өткен жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысында ата - аналар мен ұстаздар қауымына " Буллинг және оның алдын алуы" тақырыбында құнды ақпараттармен бөлісіп, мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттарын айтып шықты. Сонымен қатар ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы тренинг элементтерін қолдана отырып, егжей - тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыстың соңында " Буллинг және оның алдын алуы " тақырыбында ата - аналарға жадынамалар таратты.
"Буллинг және оның алдын алуы"