Әдеби -танымдық саяхат сабағы
Әдебиет пен мәдениет - ұлттық идеологияның қос қанаты. Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматургі, білікті ұстазы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай мектебімізде әдеби -танымдық саяхат сабағы ұйымдастырылды.
10-сынып оқушылары аудан орталығының төрінде орналасқан Сәкен Сейфуллин ескертішіне барып қайтты.
Мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбіту және көркем туындылар арқылы оқушылардың бойына ұлтжандылық қасиеттерді дарыту.
Шара барысында оқушылар Сәкен аға жөнінде әдемі естеліктер, тың ақпараттар және келелі пікірлерімен бөлісті. Өмір кезеңінде тар жол ,тайғақ кешкен қазақтан шыққан тұңғыш атағына ие болған Сәкен ағаның өмір жолындағы ерліктері өскелең ұрпақ үшін өнеге, асыл мұра ретінде жадымызда сақталмақ.