back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Баланың бас ұстазы-ата-ана»
11-10-2023 17:34
«Баланың бас ұстазы-ата-ана»

11 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің 1«ә» сынып жетекшісі С.С.Исабекованың ұйымдастыруымен мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, білімді, тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналармен «Танысу» тренингі өткізілді. Ата-аналар балаларының ерекше қасиеттерін атай отырып,  өздерін таныстырды.  Мектебіміздің педагог  - психологы А.Ж.Сулейменова 1  -  сынып  оқушыларының жаңа ортаға  бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету үшін танымдық процесстерді дамыту,  баланың эмоционалдық жай  - күйін , қоғамдағы орнын анықтау мақсатында бірінші сынып оқушыларымен жүргізілген әдістемелердің қорытындысымен ата- аналарды хабардар етіп, кеңестер берді. Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым  - қатынасы туралы тренинг элементтерін қолдана отырып,  егжей  - тегжейлі түсіндіріп шықты. Жиналыстың соңында ата  - аналардан  " Бірінші сынып оқушысының бейімделуі" сауалнамасын алды.

Новости