11 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің 1«ә» сынып жетекшісі С.С.Исабекованың ұйымдастыруымен мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, білімді, тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналармен «Танысу» тренингі өткізілді. Ата-аналар балаларының ерекше қасиеттерін атай отырып, өздерін таныстырды. Мектебіміздің педагог - психологы А.Ж.Сулейменова 1 - сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету үшін танымдық процесстерді дамыту, баланың эмоционалдық жай - күйін , қоғамдағы орнын анықтау мақсатында бірінші сынып оқушыларымен жүргізілген әдістемелердің қорытындысымен ата- аналарды хабардар етіп, кеңестер берді. Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы тренинг элементтерін қолдана отырып, егжей - тегжейлі түсіндіріп шықты. Жиналыстың соңында ата - аналардан " Бірінші сынып оқушысының бейімделуі" сауалнамасын алды.
«Баланың бас ұстазы-ата-ана»