“Түстер әлемінде”
М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2 сынып жетекшілері М. Т. Сейткарина мен К. М. Абишеваның ұйымдастыруымен "Әсемдік әлемі” эстетикалық сауаттылық апталығының бірінші күнінде “Түстер әлемінде” тақырыбында ойын - саяхат өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың көркем еңбекке, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, қолөнер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және құндылықтарға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар “Кім шапшаң?” , “Қимылды қайтала” ойындарын ойнап, ребус шешіп, күзгі жапырақтардан көбелек жасады.
Аталмыш іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, шағын сыйлықтармен марапатталды.