"Отбасы - бақыт бесігі “
Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 4 “Ә" сынып жетекшісі Д.К.Акимжанованың ұйымдастыруымен "Отбасы - бақыт бесігі “ атты ата-аналармен жиын өткізді. Мақсаты - мектеп пен ата- ана ынтымақтастығын күшейтіп, бала тәрбиесіндегі адамгершілік-тәрбиелік құндылықтарын нығайтуға шақыру.
Жиын барысында “Сәлем сөздің анасы” атты тренингімен басталды. Содан соң, “Менің балам қандай?” тақырыбында тренинг өткізді. Ата- аналар өздеріне ұнаған әріпті алып, баласының бойындағы сол әріптен басталатын жақсы қасиеттерді айтты. Жиналыс соңында ата - аналар түрлі түсті шарларды үрлеп, оған көңіл-күйлерін смайл суретін салу арқылы кездесуден алған әсерлерін білдірді. Жиын барысында талқыланған тақырыптарға ата-аналар қызығушылықтарымен қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.