“Оян, ар мен адалдық”
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында “Оян, ар мен адалдық” атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушы бойындағы адалдық, рухани адамгершілік қасиеттерді игеруге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сынып сағаттарында оқушылар бейнежазба көріп, түсінгендері бойынша постер құрады. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.