back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
04-12-2023 18:15
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

Бүгін, 5"А" сыныбының жетекшісі Айгерім Сүйіндікқызы оқушылармен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тәрбие сағатын жүргізді. Оқушыларға отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беріп, бақытты жанұяның моделін көрсету, сондай-ақ, оларды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуді көздеген тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Оқушылар отбасы құндылықтары туралы бейнебаянды тамашалап, караокемен «Әке-ана» әнін орындады. Одан кейін әр бала жанұясымен  өткізген бір күнінен естелік суретін көрсетіп, сыныптастарына ондағы оқиғаны сипаттап, отбасы мүшелерін таныстырды. Әр оқушы өз отбасы туралы ерекше мақтанышпен  баяндады.

Новости