Бүгін, 5"А" сыныбының жетекшісі Айгерім Сүйіндікқызы оқушылармен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тәрбие сағатын жүргізді. Оқушыларға отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беріп, бақытты жанұяның моделін көрсету, сондай-ақ, оларды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуді көздеген тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Оқушылар отбасы құндылықтары туралы бейнебаянды тамашалап, караокемен «Әке-ана» әнін орындады. Одан кейін әр бала жанұясымен өткізген бір күнінен естелік суретін көрсетіп, сыныптастарына ондағы оқиғаны сипаттап, отбасы мүшелерін таныстырды. Әр оқушы өз отбасы туралы ерекше мақтанышпен баяндады.
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»