Әліппемен қоштасу
Бүгін М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 1 “А” сынып оқушылары үшін ерекше күн болды. Оқушылар төрт ай бұрын қолдарына алған оқулықтары Әліппемен қоштасты. Оқушылар барлық ғылымның атасы - Әліппеге арнап өлеңдер оқыды, әндер айтты, би биледі. Тапқышбек пен Жалқаубек қонаққа келіп, оқушылар мен ата-аналарға көңілді ойын ойнатты. Тәрбие сағаты өте жақсы өтті. Ата-аналар алғашқы ұстаздары Айнұр Кенкозовнаға өз ризашылықтарын білдірді.