15.01.23 күні мектебімізде 11 "А" сынып жетекшісі А.Ю Блялова «Профи TIME» мамандықтар әлемінде тақырыбы бойынша 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастастырылды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру– жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсетеді. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс барысында оқушылар мамандықтар әлемімен танысты. Оқушыларға ҰБТ туралы мәліметтер, Қазақстандағы барлық колледждер т.б QR кодтар арқылы көруге болатындығы түсіндірілді, университет жайында Кәсіби және қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, брошюралар таратылды.Таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді. Алдағы уақыттарда кәсіби бағдар беру мақсатында іс-шаралар жалғасын таппақ.
Профи TIME»