Оқу сауаттылық апталығы танымды ақпараттарға толы болды. Апталық барысында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана төрінде "Кітап әлеміне саяхат" атты іс - шара орын алды. Бұл жерде тек қазақ, орыс тіліндегі әдебиеттер ғана назарға ұсынылмай ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттер оқушылар назарынан тыс қалмады. 6- сынып оқушылары 3 тілде берілген шығармалармен таныс болып, ортада талқыға салды. Кітапханашы Жаншина З.Д. мектептегі жаңа кітап қорымен таныстырып, оқушыларды кітап оқуға, кітаптың адам өміріне маңызы, кітаптың басты құндылықтарын сөз етті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казимова А.З. жаңа түскен кітаптар топтамасына шолу жасап, оқушылармен бірге "Арманшыл адам" шығармасын талқыға алды. Кітап мұқабасы, тақырыбының өзі көрер көзді қызықтыратыны анық болғанымен, оқушылар шығарманы талдау барысында аса белсенділік танытты.
Кітап әлеміне саяхат
Арман — адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Оқушылар да қалыс қалмай армандары туралы сыр шертіп, сол арманға жету үшін қандай әрекет жасап жатқандарымен бөлісті. 2024 жылы ел тарихында аттары алтын әріппен жазылған мерейтой иелеріне арналып мектепте QR-код стенді орнатылған. Шара барысында оқушылар ақын – жазушыларымыздың білетін шығармаларын айтып, білімдерін ортаға салды.