"Досбол Like"
Қаңтар айының 22 - ші жұлдызында оқушылардың позитивті қарым - қатынастары мен эмоционалды әл - ауқатын дамыту мақсатында "Досбол Like" бағдарламасы аясында мектебіміздің педагог - психологы А.Ж.Сулейменова 4 сынып оқушыларымен сынып сағатында " Біз бір отбасымыз" сыныпты біріктіру тренингін өткізді. Тренинг барысында оқушылар "Менің қарым - қатынастағы мәселелерім", "Біздің сыныптың суреті", "Молекулалар" атты түрлі жаттығулар орындап, коммуникативті дағдыларды дамытумен қатар тұлғааралық қарым - қатынастағы кедергілерді жеңе білуге үйренді.