Республикалық және халықаралық олимпиада
2023-2024 оқу жылында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша 11-сынып оқушылары арасында өтілген XVI Президенттік олимпиадасының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, жүлделі ІІI орын иеленгені үшін 11-сынып оқушысы Сафиуллова Зарина марапатталды.
Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Бауыржан Арманбек
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!
Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға жене олардың мүмкіндіктерін ашуға, қолдау көрсетуге бағытталған.