«МАТЕМАТИКА - ҒЫЛЫМДАР ПАТШАСЫ»
Бүгін, 23 қаңтар күні, мектебімізде «МАТЕМАТИКА - ҒЫЛЫМДАР ПАТШАСЫ» тақырыбында математикалық сауаттылық апталығына орай 4 "А" сынып оқушыларының арасында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Кім жылдам?» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Оқушылар әр сайыс кезеңінде белсенділік танытып, бар зейіндерін қойып тыңдап, сұрақтарға мардымды жауаптар ұсына білді.
#математикабастауыш-2024