«Цифрлық әлем»
«Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығының үшінші күні 2-11 сыныптар арасында «Логика қайда?», «Үздік оқушы болу үшін не істеу керек?», «Интеллектуалды мозаика» тақырыптарында блиц-ойыны өтті.
Ойын мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дұрыс ойлау мен дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беру.
Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шапшаң ойлауын, ортада өзара көмек көрсету, жылдамдық пен танымдық белсенділіктерін анықтау мақсатында өткізілді.