back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Бала қауіпсіздігі - басты назарда»
14-03-2024 09:11
«Бала қауіпсіздігі - басты назарда»
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде «Бала қауіпсіздігі - басты назарда» тақырыбы аясында 2023-2024 оқу жылының ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.  "Екі жұлдыз" байқауының жеңімпаздарының ән шашуымен  ашылған жиналыс мектеп директоры Жанкуатова Күлпаш Даукесовнаның алғы сөзімен бастау алды.    Жиналыс барысында аудандық медицина мамандары Сартаева Айгерім Алпысовна  "Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында сөз сөйлесе , Шакенова Гүлзат Оразбайқызы "Туберкулез және оны алдын алу", іспетті тақырыптарда  ата -аналарға кеңес, ақпараттар берді.
   Нұра аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Рустамали Боходирулы Романкулов "Жыныстық қол сұқпаушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді.
  Іле тәрбие ісінің меңгерушісі Д.Қ. Пішенбаева 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған кешендік  тәрбие жұмыстарына қатысты жобалар мен білім алушылардың даму бағыттарымен таныстырды. Мұндағы мақсат – балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастырып, интерактивті режимде балаларымен нақты позитивті қарым-қатынас дағдыларын орнатып, баланың эмоционалды жағдайын түсінуге үйрету, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы, зорлық-зомбылық деген күрделі мәселелерді шешуге көмектесу еді.  Мектеп психологы А.Ж. Сулейменова мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын қалыптастырудың жолдарын түсіндіріп,  түрлі ойындар мен тренингтер ұйымдастырды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Т. Асанов, Қ.М.Ермек бастаған ата-аналар командасы  мен мұғалімдер командасы арасында ұлттық ойын - "Арқан тартыс", "Асық ату" іспетті  жарыстар өткізді. 
Жиналыс соңында ата-аналарға педконсилиум ұйымдастырылды. Белгілі бір пән бойынша сұрақтары бар ата-аналар өз балаларына сабақ беретін пән мұғалімдерімен жеке жүздесіп, олардың білім деңгейі, әр тоқсан сайын алынатын жазба жұмысының нәтижелері, мінез-құлықтары туралы пікір алысты. Ұстаздар өз тарапынан алдына келген әр ата-ананың сұрақтарына жауап беріп, баласының сабаққа ынта-ықыласы, қызығушылығы, жауапкершілігі сынды мәселелер туралы пікірлерін білдірді. Ата-аналар толғандырып жүрген сұрақтарына жауап тапты. Екіжақты түсінушілікпен өткен педконсилиум оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру мақсатында құрылды. 
 Үлестірілген мазмұнды жадынамалар, ашық алаң көңілдерінен шығып, ата-аналар ерекше форматта ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
Новости