back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Бала қауіпсіздігі - басты назарда!
14-03-2024 10:04
Бала қауіпсіздігі  - басты назарда!

Балалар қауіпсіздігі қазіргі таңда қоғамның ең басты мәселесіне айналып отыр. Осыған орай наурыз айының 13 жұлдызында өткен жалпы мектепішілік ата   - аналар жиналысында мектебіміздің педагог   - психологы, балалар қауіпсіздігі бойынша аудандық деңгейдегі мектеп жаттықтырушысы  Айнұр Жомартқызы ата  - аналармен  "Бала қауіпсіздігі  - басты назарда! " тақырыбында тренинг  өткізді. Шара кезінде қатысушылар  " Балалар қауіпсіздігі " курсынан  жеке қауіпсіздік ережелерімен танысып, әр ата  - ана өзінің баласының " Сенім шеңберін" жасады.Тренинг  " Тоқта! Жақындама!", " Картоп қабы " қорғаныс жаттығуларымен, " Қауіпті, қауіпсіз орындар" ойынымен жалғасты. Шара соңында ата - аналар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін  "Жетістік ағашына"  жазып қойды.

Новости