Балалар қауіпсіздігі қазіргі таңда қоғамның ең басты мәселесіне айналып отыр. Осыған орай наурыз айының 13 жұлдызында өткен жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысында мектебіміздің педагог - психологы, балалар қауіпсіздігі бойынша аудандық деңгейдегі мектеп жаттықтырушысы Айнұр Жомартқызы ата - аналармен "Бала қауіпсіздігі - басты назарда! " тақырыбында тренинг өткізді. Шара кезінде қатысушылар " Балалар қауіпсіздігі " курсынан жеке қауіпсіздік ережелерімен танысып, әр ата - ана өзінің баласының " Сенім шеңберін" жасады.Тренинг " Тоқта! Жақындама!", " Картоп қабы " қорғаныс жаттығуларымен, " Қауіпті, қауіпсіз орындар" ойынымен жалғасты. Шара соңында ата - аналар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін "Жетістік ағашына" жазып қойды.
Бала қауіпсіздігі - басты назарда!