Ұмыт болған ұлттық тағамдар. 9 сәуір - Ұлттық тағам күні"
Сәуір айының 8 жұлдызы күні 6 сынып оқушыларымен "Ұмыт болған ұлттық тағамдар. 9 сәуір - Ұлттық тағам күні" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: ұмыт болған ұлттық тағамдар түрімен танысу және олардың жасалу жолдарын білу. Сонымен қатар, ұлттық тағамдарға қатысты "Айырылысар көже", "Қара сыбаға", "Аққұла" сынды салт-дәстүрлер туралы ақпараттық құралдарды қолдана отырып мәліметтер іздеп, сыныптастарымен өзара ақпарат алмасты. Оқушыларды өз ұлтының ұлттық тағамдары туралы ақпараттармен таныстыра отырып, олардың аталуының мағынасын ашып түсіндіру.