«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»
Жыл сайын 1-мамыр атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» тақырыбында 8 «А» және 2 «А» сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.