back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Экологиялық күнтізбе”
15-05-2024 14:39
“Экологиялық күнтізбе”
Мамыр айының он үшінші жұлдызында “Экологиялық күнтізбе” экологиялық сауаттылық апталығы басталды. Мақсаты: мектепке дейінгі балалар мен олардың ата-аналарына қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімдерін кеңейтуге ықпал ету.
Апталықтың бірінші күнінде “Балдырған” шағын орталық тәрбиеленушілерімен “Менің туған өлкем”, “Жер планетасына қауіп төніп тұр” тақырыптарында әңгіме жүргізілді.
“Айгөлек” тобының бүлдіршіндерімен “Көктемгі орманнан не көрдік” қиял ойыны ойнатылды. Балалар ойынға белсенді қатысты.
Сонымен қатар мектепалды сынып оқушыларына табиғат,жануарлар туралы жұмбақтар жасырылып, өсімдіктер туралы тақпақтарды жатқа айтты.
“Кітапқа екінші өмір сыйлайық! Бір ағашты құтқарайық!” тақырыбында кітап бұрышындағы жұмыс өткізілді. Балалар ескі кітаптарды жөндеді.
Новости