«Отбасылық құндылықтар – ұлттық тәрбие негізі»
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы күніне орай мектебіміздің 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасылық құндылықтар – ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында кездесу өтті. Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлттық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы деп есептеуі қажет. Сонда ғана әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі жарқын өмірін өз қолдарымен жасайтын болады.