Ата -аналар жиналысы
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағымдагы жылдың мамыр айының 20-сы күні 11-сынып мектеп бітіруші түлектермен бірге ата -аналар жиналысы өтті. 25 мамыр соңғы қоңырау және аттестат тапсыру салтанатын өткізу мәселелері қаралды. Ата- аналар жиналысында Аудандық білім бөлімінің арнайы 20.05.2024ж. № 5-6/2004 хатымен таныстырылды. Мектеп бітіру шараларының барлығы мектеп қабырғасында өткізілетіні жеткізілді. Жиналыс барысында ата- аналарға салтанатты шараға қажетсіз шығындалудың тиімсіз екені түсіндірілді.
Ата-аналар хатта көрсетілген барлық мәселерімен жете таныстырылды.
#Біртұтас тәрбие