Ұлы жеңіске 80жыл

М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназия оқушылары Ұлы Отан соғысында елі үшін жанын қиған ерлерді, тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатқан аналар мен аталарымызды терең тағзыммен еске аламыз. Бұл күн — жай мереке емес, бұл – жадымызда жатталар, жүректе сақталар қасиетті күн.
80 жыл өтсе де, жеңістің даңқы өшпек емес. Біз бейбіт өміріміз үшін құрбан болған әрбір жанның рухына бас иеміз. Бүгінгі ұрпақ – сол батырлардың арманы мен үмітінің жалғасы.
Сондықтан, біз елге қызмет етуді, білім алуды, елімізді көркейту жолында аянбай еңбек етуді өзіміздің қасиетті парызымыз деп білеміз.