back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
“Ұлттық тәрбие бастауы - балабақшадан”
15-05-2025 11:07
“Ұлттық тәрбие бастауы - балабақшадан”
“Баршаға қолжетімді сапалы білім” ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Нұра ауданы білім бөлімінің жол картасы аясында “Балбөбек” бөбекжайы құзіреттілік орталығының өсу нүктесі Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясы жанындағы “Балдырған” шағын орталығында мамырдың он екінші жұлдызында “Ұлттық тәрбие бастауы - балабақшадан” атты семинар ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық тәрбиені насихаттау барысында педагогтармен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әдіс-тәсілдермен бөлісуді мақсат тұтқан семинарға он өсу нүктесінің тәрбиешілері қатысты.
Мектебіміздің холында “Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұлттық ойындар” көрмесі ұйымдастырылды.
Семинар ән-күй жетекшісі К.С.Аужанованың жетекшілігімен ұйымдастырылған “Ғажайыпқа жетеле, сен - музыка” көңілді оркестрімен ашылды.
Тәрбиеші Аязбекова Н.Ж. баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа
технологияның ерекше түрі - жіп терапиясымен таныстырды. Жіппен жұмыс жасау баланы ашуға тез берілуден, жылауықтықтан, агрессиядан айықтырады және алдын-ала сақтайды. Терапия түрін алар болсақ,ол баланың ұсақ моторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Баланы әсемдікке, әдемілікке үйретеді. Баланың шығармашылығын тереңдетеді. Өз ойын толыққанды жеткізе алуына кеңінен мүмкіндік береді. Баланы нақты нәтижеге жұмыс жасап, тиянақтылыққа баулиды.
Дәстүрден тыс сурет салу әдістері арқылы балалардың ұлттық құндылықтарымызға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында тәрбиеші Д.Г.Даирова “Ұлттық құндылықтарды дамытуда дәстүрден тыс сурет салу әдісі” тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Тәрбиеші Шорабекова Н.О. жеке тұлғаның зеректік, тапқырлық, ойшылдық, зияткерлік қабілеттерін талап ететін «Бес кеней» ұлттық ерекшеліктерді қамтыған логикалық ойынымен таныстырды. Асықтар арқылы алға, артқа, жанына жүру арқылы бүлдіршіндер кеңістік бағдарын үйренеді, жүрістер арқылы зияткерлікке тәрбиеленеді. Санау, есептеу, ойлау арқылы логикасы дамиды. Осының барлығы асық ойындарының сан алуан қырларын, әлі де болса көптеген жаңалықтар ашуға түрткі болатын рухани мол мұрамыз екенін көрсетті.
Аталмыш семинарда қазақ тілі маманы С.Е.Серікбаева “Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ұлттық иммунитет қалыптастыру” тақырыбында тәжірибе алмасты.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қазақ халқының ұлттық дәмдері бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай келе жатқандығы және осындай бай мәдени мұрамызды бағалап, болашақ ұрпаққа жеткізу — әрқайсымыздың парызымыз екендігі, бір тамырдан нәр алған ұрпақ мықты болатындығы турасында сөз етті. Бөбектерге құрт илету және формалау, жент жасау, қымыз сапыру сияқты қазақтың данышпандық өмір салтын үйрету тәсілдерімен бөлісті.
Семинар соңы әдіскер Құралай Серікқызы мен қатысушылардың алғыстарымен түрілді.
Новости