"Балауса" жазғы лагерінің ашылуы өтті.

Маусым айының 1 жұлдызында Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясы жанындағы "Балауса" жазғы лагерінің ашылуы өтті. Лагердің мақсаты оқушылардың демалысын, бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынастарын нығайтуға тәрбиелеу.
Лагердің ашылу салтанаты «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен басталды. Оқушылар лагерь ережесімен танысып, әсем ән айтылып, кейіпкелермен керемет би биленді. Оқушылар керемет көңіл күймен үйлеріне тарады.