нашақорлықтың зияны, заңсыз әрекеттерге тартылудың қауіптілігі
Нұра ауданының полиция қызметкерлері 9–11 сынып оқушыларына нашақорлықтың зияны, заңсыз әрекеттерге тартылудың қауіптілігі және мұндай жағдайлардың ауыр жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесудің мақсаты — жасөспірімдерді қауіптен қорғау, дұрыс ақпарат беру және күмәнді ұсыныстардан аулақ болудың маңызын түсіндіру.
Балалардың қауіпсіздігі — бәріміздің ортақ міндетіміз.
Сауатты болайық, күмәнді жағдайларда бейжай қалмайық.