2025 жылдың Жұмысшылар жылы деп жариялануына орай мектебімізде оқушыларға арналған мазмұнды кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді.
Іс-шараның қонағы – Өсімдік қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор, бас маман Шоданов Жеңіс Аринович.
Кездесу сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Шоданов Жеңіс Аринович өсімдік қорғау және карантин саласының маңызы, мемлекеттік инспектордың қызметі, күнделікті жұмыс барысындағы жауапкершілік, қауіпсіздік талаптары мен кәсіби міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Оқушылар мамандыққа қойылатын талаптар, осы салада білім алу жолдары, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орны және болашақтағы сұраныс туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Ашық диалог форматындағы кездесу оқушылардың белсенділігін арттырып, кәсіби бағдар алуларына үлкен мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында еңбек адамының беделін көтеру, адал еңбек ету, жауапкершілік пен тәртіптің маңызы ерекше атап өтілді. Бұл кездесу оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт берді.
Құрметті қонағымызға пайдалы ақпаратымен бөлісіп, ашық сұхбат форматында өткен мазмұнды кездесу үшін зор алғысымызды білдіреміз!


