Бүгін М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық сыныптарында жаңа жылға арналған шырша мерекесі ұйымдастырылды.
Мерекелік кештің мақсаты – балалардың көңіл күйін көтеру, Аяз ата мен Ақшақармен кездесіп, ертегі әлеміне саяхат жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және достыққа, мейірімге тәрбиелеу.
Балалар мерекеге белсене қатысып, ән салып, би биледі. Аяз ата балалардың өнеріне риза болып, әр балаға сыйлықтар табыстады. Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, жаңа жылды шат көңілмен қарсы алды.
Шара соңында естелік суреттерге түсіп, балғын жүректерге жылулық сыйлады.

