Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Өнер мектебінде “Эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдіс -тәсілдері “ тақырыбында аудандық семинар - практикумы өтті. Аталмыш шараға Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп -гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдығапар Гүлшат Маратқызы “Киім топтамасын жасау эксперименті, жеке даралық имидж үшін аксессуарлар. Сабақта ЖИ қолдану” тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте мазмұнды және заманауи деңгейде өтті. Сабақ барысында мұғалімдер тек сән мен стиль ұғымдарын меңгеріп қана қоймай, жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен өз идеяларын визуалды түрде жүзеге асыруды үйренді. Бұл – шығармашылықты дамыту мен цифрлық сауаттылықты арттырудың тамаша үлгісі болды.
ЖИ-дің көмегімен киім үлгілерін, түстер үйлесімін, тіпті тұлғалық ерекшеліктерге сай аксессуар таңдауды көрнекі түрде көрсету – мұғалімдердің қызығушылығын оятып, өз идеяларын нақты көрсетуге жол ашты.
Мұғалімнің сабақты ұйымдастыруы, оқушылармен кері байланысы және заманауи технологияны тиімді қолдануы жоғары деңгейде болды.
Шара барысы өте өзекті, шығармашылықты дамытатын, практикалық дағдыларды қалыптастыратын әсерлі іс-шара болды.



