Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің отырысы*
Бүгін мектебімізде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста I жартыжылдықтағы оқу-тәрбие жұмысы сараланып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.
Алда тұрған мақсаттар мен жоспарлар талқыланып, тиімді әдіс-тәсілдер ортаға салынды.
Ұстаздарымыздың кәсіби ізденісі – оқушы жетістігінің кепілі!
Бірлік пен ынтымақ бар жерде — сапалы білім мен жарқын болашақ бар!


