back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің ІІ тоқсан қорытынды отырысы
12-01-2026 13:33
жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің ІІ тоқсан қорытынды отырысы

2025 жылдың 31 желтоқсанында М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің ІІ тоқсан қорытынды отырысы өтті. Отырысқа математика, физика, химия, биология, информатика және география пәні мұғалімдері қатысты.

Жиын барысында тоқсандық оқу жетістіктері, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға оқушылардың қатысуы, функционалдық сауаттылықты дамыту, STEAM бағытында жүргізілген жұмыстар қарастырылды. Мұғалімдер білім сапасына талдау жасап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру, зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қорытынды бөлімде ІІ жартыжылдыққа арналған жоспар нақтыланып, пән мұғалімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Новости