М. Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Отбасыммен кітап оқимын» атты акция және «Қызықты кітап оқу марафондары» ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мүшелерімен бірлесе отырып оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ рухани құндылықтарды насихаттау болды. Марафон барысында оқушылар ата-аналарымен, бауырларымен бірге түрлі жанрдағы көркем және танымдық әдебиеттерді оқып, мазмұны бойынша өзара пікір алмасты.
Акция аясында оқушылар отбасымен бірге кітап оқып, пайдалы әрі мазмұнды уақыт өткізіп, рухани демалыс алды. Бұл шара отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, оқушылар оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, алған әсерлерін сыныптастары арасында талқылады.
«Отбасыммен кітап оқимын» акциясы мен «Қызықты кітап оқу марафондары» оқушылар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.




