back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында кітап алмастыру шарасы
12-01-2026 13:56
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында кітап алмастыру шарасы

М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп гимназиясында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында кітап алмастыру шарасы ұйымдастырылды.
Оқушылар өздері оқып, әсер алған сүйікті кітаптарын бір-бірімен бөлісіп, жаңа әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алды. Бұл шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға, сыныптастары арасында рухани байланыс орнатуға ықпал етті.

Шара барысында оқушылар кітаптар туралы өз ойларымен бөлісіп, сүйікті авторлары жайлы пікір алмасты. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын байытуға үлкен септігін тигізеді.

Новости