2026 жылдың 8 қаңтарында Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдырған» шағын орталығының балаларымен «Қыс қызығы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.
Іс-шара барысында балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысып, қар, аяз, боран сияқты табиғат құбылыстары жайлы білімдерін толықтырды. Қыста ойналатын ойын түрлері айтылып, сергіту сәттері мен қимылды ойындар арқылы балалардың белсенділігі артты.
Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, жапсыру арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара табиғатты аялау мен бір-біріне деген достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталды.


