09.01.2026 ж. Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 5 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес мектеп психологі Сулейменова А.Ж. ата-аналармен «Бала мен ата-ана арасындағы дұрыс қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізіп, ата-ана мен бала арасындағы тиімді диалог құрудың маңыздылығына тоқталды. Тренинг барысында баламен қарым-қатынаста тыңдай білу, өзара түсіністік пен сенім қалыптастыру жолдары түсіндірілді.
Сынып жетекшісі Қайдарова С.С. ІІ тоқсан бойынша оқу сапасының қорытындысын таныстырып, оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына талдау жасады. Сонымен қатар, тәртіп, сабаққа қатысу және мектеп ережелерін сақтау мәселелері қаралды.
Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
