Құрмет грамотасы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін білім ордаларын Құрмет грамотасымен марапаттады. Марапатталушылар арасынан орын алған Баршын тірек мектебі атынан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызына зор алғыс білдіре отырып, барлық бастамаларының сәтті болуын тілеймін. Сонымен қатар Нұра аудандық білім бөлімінің басшысы Дархан Жанболатұлына және ұжымына алғыс білдіріп, бір мақсатта, бір бағытта атқаратын істері оң болып, заман талабына сай білім саласын жетілдіруге қосқан үлестері зор болып, соған лайықты марапаттарға ие болуларын тілеймін.
Білім саласында болып жатқан өзгерістердің сәтті әрі тиімді жүзеге асырылу жолында шешуші рөл атқаратын тұлғаға үлкен жауапкершілік артылатыны рас. Сол тұлғалардың бірі ретінде мен де еліміздің көркеюіне, білімді жастарды тәрбиелеу ісіне және білім саласын дамыту ісіне үлес қосудан аянбаймын.