back-image
КГУ "Основная средняя школа имени Жусипбека Аймауытулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Основная средняя школа имени Жусипбека Аймауытулы"
Жаңалықтар
09-11-2023 16:53
Жаңалықтар
Бүгін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың төрағалығымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» атты ведомствоаралық комиссияның екінші отырысы өтті.
 
Бұл жиында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде және де мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы мәселелер баяндалды. 
 
Қазіргі таңда Қарағанды облысында осы мәселелерге байлынысты жинақталған жақсы тәжірибе бар.
Алқалы басқосу барысында Қарағанды облысының мектепішілік есепке алуды жүргізудің жаңа тәсілдерін енгізу туралы баяндама жасадым.
 
Мектептегі педагогика-психологиялық көмек, есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, психолог - ата-ана - оқушы арасындағы байланыс, учаскелік инспекторлармен, ҮЕҰ бірлескен жұмыс және тб бағыттар бойынша облыс тәжірибесімен бөлістік. 
 
Балалар мен отбасыларға кешенді көмек көрсету үшін (тұрғын үй, құжаттандыру, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша) қалалар мен аудандарда 8 дағдарыс орталықтары, 7 отбасыларды қолдау орталықтары, 4 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары жұмыс жасайды. 
 
Сонымен қатар биылғы жылдың қазан айында полиция департаменті жанынан отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы ашылды. Жыл соңына дейін Теміртау қаласында мемлекеттік дағдарыс орталығын және Қарағанды қаласында отбасына қолдау көрсетудің мемлекеттік орталығы ашылатын болады. Бұл жасалып жатқан қыруар жұмыстың бір парасы ғана. Алдағы міндеттер одан да ауқымды.
 
Иә, бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бақытты балалық шақ үшін бар жағдай жасалуы тиіс. Мемлекет басшысының талабы да осы. Сондықтан осынау іске мемлекет, азаматтық қоғам бірлесе атсалысуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтиже, қайырлы іс болады.
Новости