«Зорлық зомбылықсыз әлем”
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 2-сыныбында «Зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.