“Менің Отбасым”
Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 2-сыныпта отбасы күніңе орай “Менің Отбасым” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Жыл сайын бүкіл әлем маңызды күнді – Отбасы күнін атап өтеді.
15 мамыр – жақындарын жақсы көретіндердің барлығына арналған мерекелік күн.
Отбасы – әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе. Отбасы – бұл жақын және қымбат адамдар, біз жақсы көретін, кімнен үлгі алатын, кімге қамқор болатын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдар. Біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты отбасында үйренеміз.