“Достық” лагерінің ашылуы
“Достық” лагерінің 1-ші күні.
Бүгін, 1 маусымда, осындай айтулы күні - Балаларды қорғау күні мектеп жанындағы “Достық” лагерінің ашылуы болды. Ашылу салтанатты түрде мектеп директоры Акмагамбетова Айбарша Жакишовна құттықтау сөзімен басталды. Бірінші маусымның тәлімгері бастауыш сынып мұғалімі Калиева Толганай Алкуатовна балаларды лагерь кезеңінде өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бірінші күн жемісті өтті. Жағымды эмоциялармен балалар бұл күнді аяқтады!