back-image
"Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ауыл инспекторымен кездесу
12-11-2024 15:40
"Кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі" Участкелік инспектор Омаров Ш. Ж. Жараспай ЖЖБМ оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын өткізді. Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді. Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі. Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар: заңды түсіндіру; ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу; бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою. Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза — әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін—оны анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жазаға тартылмаған болып саналады.
Новости