Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шаралар
2025 жылдың 9 мамырында еліміздің әр аймағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті. Біздің ауылда да маңызды күнді атап өтті. Бұл шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, Жеңіс күніне деген құрмет пен патриоттық сезімдерін білдірді.
Гүл шоқтарын қою кезінде бір минуттық үнсіздік жарияланып, барлық қатысушылар құрметпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Бұл рәсім Жеңістің біздің тарихымыздағы маңызды оқиға екенін және әрқайсымыз үшін оның маңыздылығын ұмытпау керектігін тағы да еске салды.
Бұл шара ауылымыздың тұрғындары үшін тек бір тарихи күнді атап өту ғана емес, сонымен қатар өткеннің батырлығына құрмет көрсету мен жастарға патриоттық тәрбиені насихаттаудың маңызды жолы болды.