”Lesson Study” зерттеу сабақтары

Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) базасында сабақты зерттеу саласында ынтымақтастықты дамыту мақсатында серіктес мектептермен: К.Мыңбаев атындағы ЖББМ, Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ, Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ және Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ семинар өтуде.
2023 - 2024 оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап “5-сынып оқушыларының қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі сабақтарында түсініп оқу дағдыларын дамытуға «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдістемесінің әсері» тақырыбы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша “Судың маңызы”тақырыбында сабақ өткізілді. Пән мұғалімдері: Рашит А.Р., Нукушева Г.И.


• Сабақты бірлесіп жоспарлау;
• LS сабағын өткізу;
• Оқушылармен сұқбаттасу;
• LS-ті талқылау, келесі сабақты жоспарлау;
• Сабақтарды қорытындылау.
Lesson study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдістерінің бірі.