«Тіл керуені»
30.10.25 жылғы күзгі каникул кезінде Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектепте 5-7 сынып оқушылары арасында «Тіл керуені» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту және тіл мәдениетіне баулу болды.
Оқушылар топқа бөлініп түрлі тапсырмалар орындады. Ойын түрінде өткен бұл іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділік танытуына мүмкіндік берді.
