Профилактика кори
Құрметті ата-аналар! Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген. Балаларыңызға мұқият болуды сұраймыз. Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр.