
Р. Қошқарбаев атындағы ЖББМ-де Тілдер күні мерекесіне орай 9–11 сынып оқушылары арасында «Кемеңгер ақын, дана Абай» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – ұлы ойшыл, қазақтың маңдайалды ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты даналыққа, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Оқушылар өз шығармаларында Абайдың «толық адам» ілімін, еңбек пен білімге шақырған өсиеттерін, әділдік пен адамгершілікке үндеген ойларын терең талдады. Әрбір эсседе ақынның даналығы мен кемеңгерлігі айқын көрініс тауып, жас буынның ой-пікірімен ұштасып отырды. Шара соңында үздік деп танылған эсселер оқылып, оқушылардың шығармашылық қабілеті бағаланды. #Қарағандыоблысытілдекада