back-image
"Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ
Хабарландыру
03-08-2023 20:34
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар!
✍Бүгін, 20 маусымда 10 - сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды. 
Қабылдау 2023 жылдың 15 тамызында аяқталады. 
Осыған байланысты 10-сыныпқа қабылдау үшін уақтылы өтініш беру маңызды.
Сіз өтінішті egov.kz немесе e.bilimal.kz жүйесі арқылы келесі құжаттарды ұсыну негізінде бере аласыз:
- ата - ананың (немесе басқа заңды өкілдерінің) өтініші;
- ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- №065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 
- 3х4 см өлшемді екі фотосурет;
- негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат.
Өтініш 1 жұмыс күні қаралады.
Новости